
Англияның "Манчестер Сити" футбол клубының бапкері Пеп Гвардиола үшін соңғы бір жыл ауыр кезеңдермен өтті. Ол командасымен бірнеше маңызды жеңілістерге ұшырап, Чемпиондар лигасынан ұшып кетті және Премьер лигасындағы чемпиондық күрестен ерте шет қалды. Сонымен қатар, өткен қыста оның әйелі мен қызы Барселонаға қайта оралып, онымен ажырасып кеткен еді.
Пеп Гвардиоламен 30 жыл отасқан Кристина Серраның Пеп Гвардиолаға қарсы шешім қабылдаған негізгі себептерінің бірі — оның "Манчестер Сити" клубымен 2027 жылға дейін келісімшартын ұзартқаны болып саналады.
Гвардиола әйелімен келісіп, "келесі жазда келісімшартымды аяқтап, елімізге бірге ораламыз” деген уәде бергенімен, ол өз командасын қиын жағдайға қалдыра алмай, келісімшартын ұзартқан. Бұл шешім Кристина Серраның шыдамын тауысып, ажырасуына себеп болды.
Гвардиола отбасыны сақтап қалу үшін Пасха мерекесінде үш күн Барселонадағы үйінде болып, әйелімен уақыт өткізген соң, ол ай сайын Барселонаға барып, кем дегенде бір күнді отбасымен бірге өткізу туралы уәде берген екен. Осыдан кейін Кристина Серра оған отбасын сақтап қалуға мүмкіндік беріпті.
Кристина Серра — дизайнер, Serra Claret атты сән маркасының негізін қалаушы. Гвардиола жиі әйелі жасаған киімдермен сәнденіп жүретін әдеті бар.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET