"Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола "Фулхэммен" Англия Премьер-лигасының 11-тур матчы қарсаңында өзінің мансаптық жоспарлары туралы айтты.
"Фулхэммен" мансабымдағы 700-ші ойынымды өткіземін. Керемет. Мен тағы 700 матч өткізуді жоспарлап отырмын, содан кейін зейнетке шығамын. Мен бапкерлік мансабымды бастаған кезде мұндай көрсеткішке жетемін деп ойлаған жоқпын - көптеген кездесулер өткізіп, аздаған жеңілістерге тап болғаным өте жақсы.
Мен осы қуанышты "Барселона Б", "Барселона" және "Баварияда" бірге жұмыс істеген барлық ойыншылармен бөліскім келеді. Біз керемет жұмыс істеп жатырмыз. Осылай жалғаса береді деп үміттенемін", - деп келтіреді Гвардиоланың сөзін "Манчестер Ситидің" ресми сайты.
Біздің серіктес: FONBET