"Хайдук"шабуылшысы Жайро "Қайрат" сапына ауыспақ

08.02.2020, 16:05
"Хайдук"шабуылшысы Жайро "Қайрат" сапына ауыспақ

Алматының "Қайраты" "Хайдук" сұрмергені Жайро да Сильваны сатып алмақ. Бұл туралы Хорватияның Novilist.hr порталы мәлімдеп отыр.

Аталған ақпарат көзіне сенсек, Алматы ұжымы 27 жастағы шабуылшының трансфері бойынша қызу келіссөз жүргізіп жатыр. Негізі Жайро "Ботофого" футбол мектебінің түлегі. "Хайдук" сапына 2018 жылы Грекияның "ПАОК" клубынан ауысқан.

Сонымен қатар, Еуропада Словакияның «Тренчин», Грекияның «Янина», Молдавияның «Шериф» командасында доп тепкен.

Жалпы «Хайдук» жейдесінде 61 матчқа қатысып, 21 гол салған, 13 нәтижелі пас берген екен.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×