"Хайдук" - "Шахтер" матчы тікелей эфирден көрсетілмейді.

07.08.2014, 18:58
"Хайдук" - "Шахтер" матчы тікелей эфирден көрсетілмейді.
Қарағандылық "Шахтердың" "Хайдукка" қарсы өткізетін матчын қазақстандықтар тікелей эфирден көре алмайтын болды.Бұл матчты осыған дейін тікелей эфирден көрсетеміз деп жоспарлаған "Хабар" Агенттігі хорваттардан трансляциялау құқығын сатып алған "СпортФайв" неміс компаниясымен ортақ мәмілеге келе алмады. Спорт бөлімінің продюсері Асхат Жақаевтың айтуынша,Сплит қаласындағы кездесуді трансляциялау құқығын сатып алу келісімшарты бір апта бойы жүргізілген,соған қарамастан екі тарап тіл табыса алмапты.Хабар Агенттігі ұсынған қаржы Германиялық компанияны қанағаттандырмаған көрінеді. Еске сала кетейік,"Шахтер" Еуропа Лигасының үшінші кезеңіндегі қарымта матчын бүгін Хорватияның Сплит қаласында жергілікті "Хайдук" командасына қарсы өткізеді. Бұл кездесу Астана уақытымен 23:30-да басталады. Vesti.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×