Хаким Зиеш ерекше жетістікке қол жеткізді

03.11.2021, 20:20
Зиештің бұл голы «Челсиге» жеңіс сыйлады.
Хаким Зиеш ерекше жетістікке қол жеткізді

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 4-туры аясында "Челси" "Мальмёні" 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз әрі жеңісті голды Хаким Зиеш өз атына жазды.

Бұл 28 жастағы жартылай қорғаушының Чемпиондар лигасындағы 8-ші голы. Осылайша, Зиеш кәрі құрлықтың басты додасында ең көп гол соққан марокколық футболшы атанды. Ол бұл тізімде көш бастап тұрған Маруан Шамахты қуып жетті.

Чемпиондар лигасындағы марокколық сұрмергендер: 

  1. Маруан Шамах — 8
  2. Хаким Зиеш — 8
  3. Юссеф Эн-Несери — 6
  4. Ашраф Хакими — 4
  5. Нуреддин Найбет — 4

Сондай-ақ Хаким "Челсидің" еурокубоктегі 500-ші голын соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×