Бразилиялық шабуылшы Халк "Шанхай СИПГ" клубынан кететінін мәлімдеді.
"Бүгін мен үшін "Шанхай СИПГ" клубымен қоштасатын өте маңызды күн. Бұл мені үлкен сүйіспеншілікпен қабылдаған команда. Төрт жылдан астам уақыт бойы мені қолдап келген жанкүйерлерге ризамын. Мен сондай-ақ ойыншыларға және клуб басшылығына алғысымды білдіргім келеді. Біз бірге көптеген жетістіктерге жеттік, Суперлига мен Суперкубокты жеңіп алдық. Қиындықтарды жеңуге мәжбүр болған кездер болды, бірақ біз әрқашан бір-бірімізге сеніп, бірлік пен жеңіске деген ерік-жігерімізді көрсеттік. Бұл клубта көптеген достарымды қалдырып бара жатырмын.
Мен кәсіби тәжірибем арқылы жүріп өткен жолымды мақтан тұтамын! Және "Шанхай СИПГ" деп аталатын отбасына шын жүректен ризашылығымды білдіремін", - деп жазды Халк өзінің Instagram парақшасында.
Бұған дейін "Зенит" пен "Порту" Халктің қызметіне қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын. Ресейлік клуб 34 жастағы футболшыға жылына 3 миллион еуро жалақы төлейтін келісімшарт ұсынып отырғаны туралы ақпарат болған.
Біздің серіктес: FONBET