Қытайдың «Шанхай СИПГ» командасының шабуылшысы Халк коронавирустың салдарынан матч кезінде қатаң қауіпсіздік шаралары қолданылып жатқаны туралы айтты.
«Қазір Қытайда коронавирус өршіп тұр. Азия Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы «Бурирам Юнайтедпен» болған ойын жанкүйерлерсіз өтті. Өйткені, Қытайда топтасып жүруге, көпшілік орындарда жиналуға тиым салынған. Біз үшін бос стадионда доп тебу таңсық көрінді. Дегенмен жеке бастың қауіпсіздігі ең бірінші орында болуы керек.
Көзбен көрген жайтқа қарап адамдар енді ауырмаса екен деп тілеймін. Бұл елде қазір көшеге шығудың өзі қауіпті. Қазір біз мейрамханаларға, барға, супермаркетке, адамдар көп жиналатын орындарға бармаймыз. Осы мақсатта клуб барынша футболшылардың жағдайын жасап жатыр. Тек ойын және жаттығу үшін ғана сыртқа шығамыз. Осындай кезде өзіңді үй қамауында отырғандай сезінесің»,-дейді Живаниилду Виейра де Соуза.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET