Халықтық командадан халықтың өзі бас тартты

26.09.2018, 22:16
Халықтық командадан халықтың өзі бас тартты
Қазақ футболының флагманы аталып кеткен халықтық командамыз "Қайраттың" қазіргі халі халықты алаңдатты. Алматылық ұжымның жанкүйерлер тобы ресми түрде клуб басшысына хат жолдады. "Алатау Фанс" ұйымы соңғы жылдардың бедерінде команданы қолдап келе жатқан беделді фан-қозғалыс. Ұйымға мүше мыңдаған адам қол жиып, клуб басшысы Қайрат Боранбаевтың атына хат жолдады. Онда қойылып отырған талаптар бірнешеу. 1. "Қайрат" командасының еурокубок ойындарындағы сүреңсіз өнері. 4 жыл қатарынан Еуропа лигасының топтық кезеңіне ене алмай жүрген клубтың нәтижесінің төмендігі жанкүйерлердің алаңдаушылығын тудыртады. 2. Команда бапкері испаниялық маман - Карлос Алос Ферер қазіргі қызметіне лайықты маман емес. Жастарды жақсы тәрбиелейтін бапкердің жоғары жетістікке ұмтылғысы келетін команданы баптауы дұрыс емес. 3. Клуб басшылығы, команда ойыншылары жанкүйерлермен бетпе бет кездесуден қашады. Осындай талаптар қойып отырған "Алатау Фанс" жанкүйерлер ұйымы 30-қыркүйек күні Алматы қаласындағы "Орталық" стадионда өтетін Қазақстан премьер-лигасының 28-турының ойынына бойкот жариялады. Яғни, "Қайрат" - "Ақтөбе" ойынында жанкүйерлер тобы трибуна толтырып, қолдау көрсетпейміз деп шешті.  Бұл жағдайға клуб басшысы Қайрат Советайұлы Боранбаев жауап беруі тиіс. Әйтпеген жағдайда халықтық командадан халықтың өзі теріс айналды дей беруге болар.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×