Хаманн: «Гвардиоланың командалары екі-үш жыл ғана жақсы ойнайды»

06.11.2020, 15:20
Экс-футболшы Гвардиоланың осы маусымның соңында командадан кететініне сенімді.
Хаманн: «Гвардиоланың командалары екі-үш жыл ғана жақсы ойнайды»

"Манчестер Сити" мен Германияның бұрынғы жартылай қорғаушысы Дитмар Хаманн Хосеп Гвардиола командадағы жұмысын осы маусымның соңында аяқтайтынына сенімді. Бұл Гвардиоланың "Манчестер Ситидегі" бесінші маусымы. Осы уақыт ішінде ол премьер-лиганы екі рет жеңіп алды, бір рет Англия лигасы кубогының және үш рет Англия кубогының иегері атанды.

"Менің ойымша, бұл оның "Манчестер Ситидегі" соңғы маусымы болады. Ол командада тек аты мен беделі үшін қалды. Оның орнында басқа бапкер болғанда өткен маусымда Чемпиондар лигасындағы «Лионнан» жеңілістен кейін-ақ қуып шығар еді.

Гвардиола негізі бір клубта үш маусымнан артық уақыт өткізбейді. "Бавария" ойыншыларының айтқаны есімде. Үш жыл Гвардиоламен жұмыс істегеннен кейін олар жаттықтырушының талабынан әбден шаршағанын айтты. Меніңше, Гвардиоланың командалары екі-үш жыл-ақ жарқын көрінеді. Сондықтан команда айтарлықтай жақсарады деп ойламаймын", - деп Хаманн Bild басылымына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×