Хамес Родригес мансабын MLS-те жалғастыруы мүмкін

07.05.2022, 21:54
Футболшы катарлық клубтан кетуді көздеп отыр.
Хамес Родригес мансабын MLS-те жалғастыруы мүмкін

«Интер Майами» клубының қожайыны Дэвид Бекхэм колумбиялық жартылай қорғаушы Хамес Родригесті өз командасынан көргісі келеді, деп хабарлайды The Sun. Дереккөздің айтуынша, тараптар қазір келіссөздер жүргізуде.

Родригес «Аль-Райянға» 2021 жылдың қыркүйегінде қосылды. Колумбиялық футболшы Еуропада «Порту», ​​«Монако», «Реал Мадрид», «Бавария» және «Эвертон» клубтарында өнер көрсетті.

Хамес 2021 жылы қыркүйекте 8 миллион еуроға «Эвертоннан» «Аль-Райянға» ауысты. Содан бері 14 матч өткізіп, бес гол соқты, жеті нәтижелі пас берді.

Хамес Родригес пен «Аль-Райян» арасындағы келісім-шарт мерзімі 2024 жылы аяқталады. Колумбиялық футболшының нарықтық құнын Transfermarkt 15 миллион еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×