Ханс-Дитер Флик Германия құрамасының бас бапкері атанды

25.05.2021, 20:50
Бірақ Еуропа чемпионатына команданы Йоахим Лев алып барады.
Ханс-Дитер Флик Германия құрамасының бас бапкері атанды

Германия футбол қауымдастығы (DFB) өзінің ресми сайтында «Бавария» командасының бұрынғы бас бапкері Ханс-Дитер Фликпен келісім-шартқа отырғанын жариялады.

Маман Германия ұлттық құрамын алдағы Еуропа чемпионаты аяқталғаннан кейін тізгіндейді, бұл ұлттық құраманың қазіргі жаттықтырушысы Йоахим Лёв үшін соңғы турнир болады. Фликтің келісім-шарты 2024 жылға дейін есептелген.

Флик 2019 жылы мюнхендік «Баварияның» бас бапкері болып тағайындалды. Оның басшылығымен команда бірінші маусымның өзінде Германия чемпионатын, ел кубогін және Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. Ал биылғы маусымда кезекті рет Бундеслигада топ жарды.

Естеріңізге сала кетейік, Еуро-2020 турнирінде Германия құрамасы Франция, Португалия және Венгриямен бір топта ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×