Ханс-Дитер Флик тарихи рекорд орнатты

12.11.2021, 14:50
«Неміс мәшінесі» кешегі ойында қарсылас қақпасына жауапсыз тоғыз гол соқты.
Ханс-Дитер Флик тарихи рекорд орнатты

Ханс-Дитер Фликтің жетекшілігімен Германия құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчында Лихтенштейнді ірі есеппен (9:0) жеңді. Соның арқасында неміс маманы жаңа рекорд орнатты.

Opta порталының мәліметінше, Флик Германия құрамасы сапындағы дебюттік алты матчында жеңіске жеткен алғашқы бас бапкер атанды. Естеріңізде болса, ол өткен жазда Йоахим Лёвтің орнына Германия құрамасын тізгіндеген болатын.

56 жастағы бапкердің келісім-шарты 2024 жылға дейін жарамды. Немістер мерзімінен бұрын 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды.

Сондай-ақ Германия құрамасы соңғы 52 жылда алғаш рет әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде қарсылас қақпасына 9 гол соғып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×