Ханс-Дитер Фликтің келесі маусымнан бастап қай команданы жаттықтыратыны белгілі болды

10.05.2021, 21:40
«Бавария» өз кезегінде Нагельсманнды бас бапкер ретінде тағайындады.
Ханс-Дитер Фликтің келесі маусымнан бастап қай команданы жаттықтыратыны белгілі болды

Маусым соңында өз қызметінен кететін "Баварияның" бас бапкері Ханс-Дитер Флик Германия құрамасын жаттықтырады, деп хабарлайды Abendzeitung.

Дереккөздің айтуынша, Германия футбол қауымдастығы (DFB) мен Флик арасындағы келісім-шарт үш жылға жасалады. Ол жаңа қызметіне Еуропа чемпионаты аяқталғаннан кейін кіріседі. Ал Германия құрамасын бұл турнирге Йоахим Лев бас бапкер ретінде алып барады. Флик ұлттық құрамамен 2022 жылғы Әлем чемпионаты мен 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бақ сынайды деп күтілуде.

Бұған дейін Германия футбол қауымдастығының Фликпен келіссөздер жүргізгені туралы хабарланған болатын. Кейінірек Фликтің өзі бұл ақпараттың рас екенін мәлімдеді.

Флик 2019 жылы "Бавария" клубын тізгіндеді. Оның басшылығымен команда бірінші маусымның өзінде требл жасады. Ал осы маусымда кезекті рет Бундеслиганы жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×