Англия Премьер-лигасының 11-турында "Тоттенхэм" өз алаңында "Арсеналды" қабылдады. Кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды (2:0).
Есеп кездесудің 13-минутында ашылды - алаң иелерінің шабуылшысы Харри Кейн Сон Хын Минге пас берген еді, ол айып алаңының сыртынан керемет соққысымен қақпаның алыс бұрышын дәл көздеді. Бұл 28 жастағы оңтүстік кореялықтың Англия Премьер-лигасының биылғы маусымдағы 10-голы. Бірінші таймның қосымша минутында алаң иелері есепті ұлғайтты - бұл жолы Сон Хын Мин Харри Кейннің көзге түсуіне мүмкіндік жасады. Бұл Кейннің мансабындағы 250-ші голы болды.
Осы маусымда дәл осындай жағдай тоғыз рет орын алды. Бұл ХХІ ғасырдағы Премьер-лиганың рекорды. Сонымен қатар бұл дуэт жалпы АПЛ рекордын қайталады (алғашқы орынды бір-біріне тоғыз нәтижелі пас берген Коллимор-Фаулер мен Ньюэлл-Ширер дуэті бөлісіп тұр).
Жозе Моуриньо шәкірттері 24 ұпай жинап, Премьер-лиганың турнирлік кестесінде көш бастады. "Зеңбірекшілер" (13 ұпай) 15-орынға жайғасты.
Біздің серіктес: FONBET