Харри Кейн жарақатына байланысты Еуропа біріншілігіне қатыспайды

16.01.2020, 21:23
Харри Кейн жарақатына байланысты Еуропа біріншілігіне қатыспайды

Англиядағы ең танымал хирург Крис Уилсон The Independent-ке берген сұхбатында "Тоттенхэма" шабуылшысы Харри Кейннің алған жарақатына байланысты жорамалын айтты.
Дәрігердің сөзінше сұрмерген тек келесі маусымнан бастап алаңға шыға алады. Яғни, ол Еуро-2020 бəсексіне қатысы алмайды деген сөз.

-"Менің ойымша бұл жарақаттан айығу үшін оған 6 ай керек. Егер мен футболшының өзімен сөйлесер болсам бұндай жарақатқа жасалған отадан кейін кем дегенде жарты жылдан соң ғана алаңға шығу керегін ашып айтар едім. Бұра тартып, ерте үміттенуге болмайды. Шындығы осы. Сондықтан Кейн сəуірде я болмаса мамырда жаттығуға қайта оралады деген бос сөз. Егер бұл орын алса, қатты таң қалар едім",- дейді дәрігер.

Естеріңізге сала кетейік, Харри Кейн АПЛ-дың 21-турында "Саутгемптонмен" болған сырт алаңдағы кездесуде ауыр жарақат алған еді. Сұрмерген 75-минутта ауыстырылып, ота жасалған болатын.

Кейінірек "Тоттенхэм" Кейннің оң жақ белінің артқы бұлшық еті үзілгенін хабарлаған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×