Харри Кейн жаттығуға кірісіп кетті

22.01.2020, 02:33
Харри Кейн жаттығуға кірісіп кетті

The Telegraph-тың хабарлауынша, "Тоттенхэм" шабуылшысы Харри Кейн жуырда жасалған отадан кейін қайта қалпына келу жаттығуларына кірістіп кетіпті. Енді ол 9 аптадан соң командалық жаттығуға қайта кірісе алады.
Аталған ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, Харри сәуір айының ортасында жасыл алаңға қайта оралмақ. Сондай-ақ, Англия құрамасының сұрмергені Еуро-2020 бәсекесінде де топ тебетін көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Англиядағы ең танымал хирург Крис Уилсон The Independent-ке берген сұхбатында Харри Кейннің алған жарақатына байланысты жорамалын айтқан еді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×