Харри Кейннің көлігі ұрланды

15.11.2020, 02:21
Ұрылар тек «Тоттенхэм» футболшыларының затын ұрлауды кәсіпке айналдырды.
Харри Кейннің көлігі ұрланды

"Тоттенхэм" шабуылшысы Харри Кейн алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды The Sun. Қылмыскерлер құны 100,000 фунт стерлингті құрайтын Range Rover көлігін айдап әкеткен.

Қылмыс 25 қазанда Шығыс Лондондағы аудандардың бірінде болды. Ұрылар тек Кейннің көлігін алып кетпекші болған. Қылмыскерлер көлікті ашу үшін электронды құрылғыны пайдаланған. Іске қатысты күдіктілер әлі анықталған жоқ. Дегенмен бұл жағдай бақылау камерасына түсіп қалған.

Кейн соңғы айларда ұрылардың құрбанына айналған "Тоттенхэмнің" үшінші ойыншысы болды. Бұған дейін Деле Алли мен Ян Вертонгенге қарулы қарақшылар шабуыл жасаған болатын. "Харри оларды тек футболшылардың затын ұрлайтын қылмыскерлер деп ойлап отыр. Бұл тонау кездейсоқ оқиға емес", - дейді Кейнге жақын дереккөздердің бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×