Харри Магуайр тұтқындалды

21.08.2020, 21:39
Магуайр «МЮ-дің» финалға шықпағанына ашулы секілді. Бар ашуын полиция қызметкерінен алмақшы болыпты.
Харри Магуайр тұтқындалды

«Манчестер Юнайтед» капитаны Харри Магуайр Миконос қаласында (Греция) полиция қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін тұтқындалды, деп хабарлайды Proto Thema басылымы.

Дереккөздің айтуынша, Магуайр мен оның достары басқа ағылшындармен Миконостағы барлардың бірінде төбелес бастаған. Оқиға орнына полиция келгеннен кейін Магуайрдің қатысуымен жігіттер полицияға шабуыл жасай бастады. Нәтижесінде футболшы мен оның екі досы ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Хабарланғандай, қамауға алынғаннан кейін де британдықтар тәртіп сақшыларын қорлау мен арандатуды жалғастырған екен.

Өз кезегінде "Манчестер Юнайтед" клубы бұл жағдайды былай түсіндірді:

«Клуб Харри Магуайрдың араласуымен болған кешегі Миконостағы оқиғадан хабардар. Біз Харримен байланысқа шықтық, ол грек билігімен толықтай ынтымақтастықта екен. Бірақ біз бұдан әрі түсініктеме бере алмаймыз», - деді клуб Sky Sports басылымына таратқан хабарламасында.

Магуайр "Манчестер Юнайтедке" 2019 жылдың жазында «Лестер Ситиден» ауысып келді. Бұған дейін ойыншы «Уиган», «Халл Сити» және «Шеффилд Юнайтед» клубтарының намысын қорғаған. 2019/2020 маусымда қорғаушы Англия чемпионатында барлық кездесуге қатысты.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×