ХАВЬЕР ЭНРАНДЕС «ТОТТЕНХЭМГЕ» АУЫСУЫ МҮМКІН

12.08.2014, 19:45
ХАВЬЕР ЭНРАНДЕС «ТОТТЕНХЭМГЕ» АУЫСУЫ МҮМКІН
"Манчестер Юнайтед" командасының шабуылшысы Хавьер Эрнандесті лондондық "Тоттенхэм" командасы сатып алуы мүмкін. Бұл жөнінде кеше клуб басшылары мәлімдеді. Ал "Юнайтед" басшылары болса мексикалық футболшы үшін 35 миллион еуро сұрап отыр. Егер де бұл сұранысты лондондық команда орындайтын болса, онда олар өз құрамындағы испаниялық шабуылшы Роберто Сольдадоны трансферге қоймақ. Ал Сольдадоға осы қазірдің өзінде мадридтік "Атлетико" командасы қызығушылық танатып отыр. Айта кетуіміз керек, "МЮ-дің" шабуылшысы Чичаритоны сонымен қатар "Атлетико" Мадрид командасы да өз сапына қосып алудан кетары емес. Демек, осы аптаның соңына дейін бұл жағдайдың нақты шешімі шығады деп күтеміз. Өйткені, 16 тамыз күні Ағылшын премьер-лигасы бастау алады. Алғашқы тур ойындарын сіздер «Қазспорт» арнасының тікелей эфирінен көре алатын боласыздар.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×