Хави 63 жыл бұрынғы рекордты қайталады

21.03.2022, 15:38
Каталондық клуб сырт алаңда «Реал Мадридті» 4:0 есебімен жеңді.
Хави 63 жыл бұрынғы рекордты қайталады

«Барселонаның» 42 жастағы бас бапкері Хави клубты 1958-1960 және 1979-1981 жылдар аралығында басқарған аргентиналық жаттықтырушы Эленио Эррераның жетістігін жаңартты.

Испания чемпионатының 29-туры аясындағы ойында «Барселона» сырт алаңда «Реал Мадридті» 4:0 есебімен жеңді. PokerStars Sport порталының мәліметінше, Хави 1959 жылдан бері Ла Лигадағы алғашқы Эль-Класикосында төрт гол айырмасымен жеңіске жеткен бірінші бапкер ретінде тарихқа енді.

Еске салайық, 29 турдан кейін «Реал Мадрид» Испания чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап келеді. «Корольдік клубта» 66 ұпай бар. «Барселона» 54 ұпаймен үшінші орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×