Бүгін интернет беттерінде каталондық «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Хави Эрнандес Бразилияда өтетін Әлем чемпионатынан кейін "Нью-Йорк Ред Буллз" командасына ауысады деген ақпарат тараған болатын. Алайда футболшы бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
- "Нью-Йорк Ред Буллз" командасынан маған ешқандай ұсыныс пен қызығушылық келіп түскен жоқ. Мен Нью-Йорк туралы ештеңе де білмеймін, тек қазір суық болып жатқанын ғана естідім. Тьери Анри хабарласып шақырды деген жалған сөз. Біз сөйлескен жоқпыз. Менде оның телефон нөмірі де жоқ» - деді Испания құрамасының футболшысы.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай