Хави «Барселонаның» бас бапкері атанды

06.11.2021, 15:32
Испаниялық маман екі жарым жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Хави «Барселонаның» бас бапкері атанды

"Барселона" 41 жастағы испаниялық маман Хавидің бас бапкер қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді.

Хавидің каталондық клубпен келісім-шарты 2023/2024 жылғы маусымның соңына дейін есептелген. Ол осы демалыс күндері Барселонаға келеді деп күтілуде және 8 қараша күні "Камп Ноуда" жанкүйерлердің алдында "Барселонаның" жаңа бапкері ретінде таныстырылады. Шарадан кейін Хави баспасөз мәслихатына қатысады.

Айта кетейік, бұған дейін "Барселона" делегациясы Катарға барып, "Аль-Садд" клубының басшылығымен келіссөздер жүргізген болатын. Кейбір мәліметтер бойынша каталондықтар Хави үшін 5 миллион еуро төлеуі керек екен. Бұл соманың жартысын "Барселона", ал екінші бөлігін бапкердің өзі берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×