Хави: «де Йонгтың менімен, Иньеста және Бускетспен ешқандай ортақ қасиеті жоқ»

20.11.2020, 17:43
Хави де Йонгты команданың қазіргі буынындағы естен кетпес футболшы болатынына сенімді.
Хави: «де Йонгтың менімен, Иньеста және Бускетспен ешқандай ортақ қасиеті жоқ»

«Барселонаның» бұрынғы жартылай қорғаушысы Хави каталондық клубтың 23 жастағы голландиялық жартылай қорғаушысы Френки де Йонгтың ойыны туралы пікірімен бөлісті.

«Мен оны «Барселонаның» қазіргі дәуірінде жарқырайтын футболшы деп санаймын. Нидерланды құрамасында оның әлем чемпионатындағы ең жақсы футболшылардың бірі болатынына сенімдімін. Ол әлі өте жас.

Де Йонг - бұл де Йонг. Оның Иньестаға, Бускетске немесе маған еш қатысы жоқ. Ол мүлдем басқаша. «Барселонаның» жоғары деңгейдегі талаптары бар, одан бөлек сынның астында қаласыздар. Сіз командаға келдіңіз, ол жерде Месси, Гризманн, Пике, Бускетс, тер Штеген секілді ойыншылар бар... Әлемнің ең жақсы футболшылары сіздің командаңызда, ал сізге бейімделуге уақыт керек, бұл басқа мәдениет, басқа тіл. Жас кезімізде маған және Иньестаға қиын болды, біз 20 және 23 жаста едік, үлкен клубта бір нәрсені өзгерту қиын.

Френки - қабілетті футболшы, ол орталық алаңда ойынды ұйымдастыра алатын, осы буынның естен кетпес тұлғасы болады. Бұған күмән жоқ. Бұл өзіне байланысты. Соңғы бірнеше әлем чемпионатында Нидерланды құрамасы сәтсіздікке ұшырады, бірақ қазір оларда үлкен жетістіктерге жетіп жатқан өте жақсы ұрпақ пайда болды», - деді Хави.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×