Доһалық “Әл-Садд” клубының бас бапкері Хави Эрнандес Катар чемпионатың қаңтар айындағы үздік бапкері атанды.
Хавидің командасы қаңтар айындағы барлық төрт матчта да жеңіс тойын тойлады. Төрт ойында 23 гол соғып, қақпасына бір ғана доп өткізіп алды.
Естеріңізге сала кетсек, Хави Катар жұлдыздар лигасының қыркүйек және қазан айындағы үздік бапкері атанған еді.
”Әл-Садд” ішкі чемпионаттың 15 турынан кейін бірде-бір рет жеңілмей, 41 ұпай еншілеп, көш бастап келеді. Қарсылас қақпасын 60 мәрте тулатса, өз қақпаларына он гол ғана жіберген. Ал барлық турнирлерде қатарынан 12 ойын бойы шашасына шаң жуытпауда.
Біздің серіктес: FONBET