Хави катарлық клубтан кету туралы шешім қабылдады

29.10.2021, 16:16
Клуб басшылығы оның кетуіне рұқсат берді.
Хави катарлық клубтан кету туралы шешім қабылдады

Катарлық «Аль-Саддтың» бас бапкері Хави басшылықпен командадан кету туралы мәмілеге келді. Енді Хави «Барселонаның» экс-жаттықтырушысы Рональд Куманның орнын басады.

Sport.es сайтының хабарлауынша, Хави 3 қарашада өтетін Чемпиондар лигасы аясында Киевтің «Динамосына» қарсы өтетін ойынға дейін «Барселонаны» тізгіндей алмайды. Себебі, ол уақытқа дейін барлық құжаттарды толтырып үлгермейді.

Дереккөздің хабарлауынша, оның «Аль-Саддта» бірге жұмыс істеген көмекшідері Хавимен бірге келеді: ағасы Оскар, көмекшісі Серхио Алегре және физикалық дайындыққа жауапты маман Иван Торрес мансабын каталондық клубта жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×