Хави мен Касильяс Мадридте марапат алды

11.11.2011, 18:35
Хави мен Касильяс Мадридте марапат алды

Хави, Касильяс, Субисаретта және Рауль Мадридтегі Испан футбол федерациясының ғимаратындағы Луйс Арагонес атандағы залда марапат алды. Бұл жиынға клубтағы мәселелерге байланысты тек Рауль ғана келе алмады. 

Бірінші болып сыйлықты Андони Субисаретта алды. Ол Испания құрама командасы үшін ең көп матч өткізген аяқдопшылардың бірі. 126 кездесуде алаңға шыққан Субисаретта қақпашы Паияның қолынан сыйлық алды.

Екінші болып сахнаға Касильяс шықты. Ол да ұлттық құрамада көп ойын ойнаған. 125-кездесуде қақпа қорғаған.

Одан кейін ИФФ вице-президенті Хуан Пардон қолынан Хави сыйлық алды. Испания үшін 105 ойын өткізіпті "Барса" жартылай қорғаушысы.

Марапаттау рәсімі біткен соң Вальядолид қаласынан келген суретші Андрес Санчестің фото көрмесі көрсетілді. Ол Испания құрамасының тарихындағы ең маңызды 5 гол деген тақырыппен жарияланды. Оның ішінде екі соңғы картинаны ерекше атап өткен жөн. Оның бірі 2008 жылы Еуро финалында Фернандо Торрестің голы. Ал соңғысы Иньестаның қосымша минутта финалда Голландияға соққан добы екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×