Хедира «Реалдан» кетеді

14.03.2015, 18:41
Хедира «Реалдан» кетеді
Мадридтік «Реал» мен Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Сами Хедира жақын арада Бундеслигаға қайта оралуы мүмкін. Marca басылымының мәлімдеуінше, Хедираға гельзенкирхендік «Шалькеге» ауысуға келісімін берген. Ал ресми ақпарат жазда ғана шығады. 28 жастағы жартылай қорғаушы мен «Реалдың» арасындағы келісім-шарт 30 маусымда аяқталады. Осылайша Сами «Шалькеге» су тегін кетеді. Естеріңізге сала кетсек, Хедираға лондондық «Арсенал» мен мюнхендік «Бавария» қызыққан болатын.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×