“Ювентустың” 33 жасар ойыншысы Сами Хедира қысқы трансферлік терезеде “Штутгарт” сапын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Tuttosport.
Хедира мен туриндік клуб арасындағы келісімшарт 2021 жылға дейін жарамды. Бірақ “Ювентус” Хедираның жалақысына кететін алты миллион еуро ақшаны үнемдеу үшін аяқдопшыны тегін жіберуге әзір.
Сами “Штутгарт” академиясының түлегі. 2010 жылы мадридтік “Реал” сапына ауысып, 2015 жылы “Ювентус” қатарына қосылған еді. Ағымдағы маусымда “бьянконери” сапында бірде-бір ойынға қатыспады.
Біздің серіктес: FONBET