Хеннинг Берг: «Мен бұл нәтижеге қуаныштымын»

17.09.2021, 16:21
Кешегі ойында кипрлік команда сапында дебют жасаған ойыншылар да болды.
Хеннинг Берг: «Мен бұл нәтижеге қуаныштымын»

«Омонияның» бас бапкері Хеннинг Берг Конферениця лигасының топтық кезеңі аясында «Қайратпен» өткен ойынды (0:0) қорытындылады:

— Бұл біз үшін жақсы ойын болды. Біз ойынды бақылауда ұстадық және матч барысында керемет мүмкіндіктерге ие болдық. Иә, егер гол соқсақ жақсы болар еді. Біз үшін келесі қадам – осындай ойындарды жеңу. Мен ойыншыларымыздың күш-жігері мен менталитетіне ризамын.

— Сіз қорытынды нәтижеге көбірек қуаныштысыз ба әлде қапалысыз ба?

— Мен көбірек қуаныштымын. Бұл жақсы нәтиже. Бүгін негізгі құрамда жаңа ойыншылар пайда болды. Атимвен дебюттік матчын өткізді, ол бір тайм ойнады, өйткені ары қарай ойнауға дайын емес және біз оның денсаулығына қауіп төндіргіміз келмеді. Захариу да жақсы өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×