Кипрлік "Омонияның" бас бапкері Хеннинг Берг "Қайратқа" қарсы өтетін алдағы матч туралы өз ойын ортаға салды:
- AEK-пен болған матч? Жеңілу әрқашан жағымсыз нәрсе, бірақ бұл футбол. Футбол тарихында ешқашан жеңілмеген команда жоқ деп ойлаймын. Біз өте бәсекеге қабілетті лигада ойнаймыз, ал АЕК - біз бұрын жеңе білген өте мықты команда. Енді бізде өз елінің чемпионы болып табылатын "Қайратпен" еурокубок матчы бар. Біз ертеңгі ойынды асыға күтеміз. Бұл ойын топтық кезеңдегі барлық матчтар сияқты маңызды.
- "Қайраттың" мықты жақтары туралы айтып берсеңіз?
- "Қайраттың" өте қауіпті шабуыл шебі бар, жақында оларға мықты қорғаушы қосылды. Бұл команда вертикальды футбол ойнайды. Қазір «Қайраттың» физикалық формасы жақсы.
- Шабуылшы Марко Шепович ертеңгі ойынға қатыса ма?
- Ол ұзақ уақыт бойы қатарда болмады. Содан кейін ол жарақатынан айығып, АЕК-ке қарсы матчта өнер көрсетті. Қазіргі уақытта ол 100% дайын емес және ертең ойнамайды. Біз оның мазасын алмайық деп шештік және ойыншы келесі ойындарға жақсылап дайындалуы үшін оны Кипрде қалдырған дұрыс деп ойладық.
- Конференция лигасы - осы маусымда тұсауын кескен жаңа турнир, оған қалай қарайсыз?
- Еуродолада көп командалардың ойнай алатыны жақсы. Қаржылық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар команда құру тұрғысынан да жақсы болмақ. Конференция лигасы - өте жақсы турнир.
- Сіз бұл ойында "Қайратты" фаворит деп санайсыз ба?
- Айту қиын. "Қайрат" өз алаңында өте мықты, бірақ ертең не болатынын көрейік. Иә, ойын көрермендермен өтеді және "Қайрат" үлкен қолдауға ие болады. Олардың жақсы ойыншылары бар, біз үшін мықты командаларға қарсы ойнау пайдалы болады.
- Осы маусымнан бастап сырт алаңда соғылған гол ережесі жойылды. Бұл туралы не ойлайсыз?
- Менің ойымша, тең ойындар көп болады және көбіне пенальти сериясына куә боламыз. Енді командалар өз алаңында еркін ойнай алады.
Біздің серіктес: FONBET