«Хетафе» «Барселона» футболшысын жалға алды

07.01.2021, 01:38
Футболшы бұл клубта осы маусымның соңына дейін өнер көрсетеді.
«Хетафе» «Барселона» футболшысын жалға алды

"Барселонаның" жартылай қорғаушысы Карлес Аленья "Хетафеге" ауысты, деп хабарлады каталониялық клубтың баспасөз қызметі. Футболшы осы маусымның соңына дейін жалға берілді. "Барселона" өз кезегірде Аленья жаңа клубта көбірек тәжірибе жинайды деп күтеді.

Бұған дейін "Барселона" бұл футболшыны сатқысы келмейді деген ақпараттар болған еді. Осыған сәйкес, каталондық клуб келісімшартқа ойыншыны сатып алу мүмкіндігін қоспаған екен. 2020/2021 жылғы маусымның соңында ол "Барселонаға" оралады. Осы маусымда Аленья тек бес матчқа қатысты, оның ішінде тек бір кездесуде ғана негізгі құрамда шықты.

"Барселонаның" бас бапкері Рональд Куман негізгі қүрамға енбейтін жас ойыншыларға басқа клубқа жалға кету туралы кеңес берген болатын. Transfermarkt интернет-порталы ойыншының трансферлік құнын 15 миллион еуроға бағалайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×