ХХІ ғасырдағы өз клубына адал болған футболшылар

Ернар Ламқадыров
Бас редактор
07.08.2020, 21:15
Буффон бірнеше рет жалақысын көтеру туралы ұсыныстан бас тартқан екен.
ХХІ ғасырдағы өз клубына адал болған футболшылар

Франческо Тотти, "Ромада" 24 жыл ойнады


Тоттиді кейбіреулер керемет ойыншы және сөз мен істің адамы деп санайды, ал басқалары - менмен, тәкаппар футболшы деп ойлайды. Алайда, "Рома" капитанының жетістіктері ол туралы жаман әңгімелерді естен шығарды - Тотти 24 жыл бойы ойнаған «Рома» сапында бүкіл қаланың тірі аңызына және миллиондаған адамдардың кумиріне айналды. Мансабындағы 600 матчтағы 250 гол - бұл нағыз тамаша ойыншылардың жетістігі. Бір кездері Алекс Фергюсон Тоттиді өз командасының құрамында көру үшін Манчестерден Римге дейін баруға дайын екенін айтқан, алайда Италиялық футболшы өзінің туған командасына деген адалдығының шегі жоқ екенін білдірді, ал Сер Алекс секілді басқа да көптеген сатып алушылар Франческодан "жоқ" деген жауап алды.

Стивен Джерард, "Ливерпульде" 17 жыл ойнады


Джеррард - бұл "Ливерпуль". Ал "Ливерпуль" - бұл Джерард. Бұл байланыс көптеген жылдар бойы сақталып келді және өзекті болып қала береді. Стивен "Ливерпуль" академиясына түскен сәттен бастап, 2015 жылғы «Энфилдпен» қоштасу рәсіміне дейін «қызылдардың» берілген ойыншысы болды. "Ливерпульдегі" 500-ден астам кездесудің әрқайсысында Стивен жанын салып ойнады. Ол ешқашан Премьер-Лиганы жеңіп алмады. Бірақ ол Чемпиондар Лигасының жеңімпазы және футбол тарихындағы ең адал ойыншылардың бірі.

Хави, "Барселонада" 17 жыл ойнады


Луи ван Гаалдың арқасында "Барселонада" дебют жасаған 18 жасар Хави Каталониялық клубтың жартылай қорғанысынан ойып тұрып орын алды. Жаттықтырушылар өзгерді, көптеген жұлдыздар келді және кетті, ал Хави бастапқы құрамның ойыншысы болып қала берді, әр матчта өзінің қолынан не келетінін дәлелдеді. «Барселонада» өткізген 17 жыл ішінде ол футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардың біріне айналды, ол командамен 28 кубок жеңіп алды және Испания чемпионаты мен Чемпиондар лигасында көптеген рекорд орнатты.

Джон Терри, "Челсиде" 17 жыл ойнады


Терри мансабын «Вест Хэмде» бастаса да, «Челсиде» өзінің атын шығарды. 18 жастан бастап, Терри негізгі құрамда жеткілікті дәрежеде ойнай бастады, және бірнеше маусымнан кейін ол қорғаныс шебіндегі алмастырылмайтын ойыншыға айналды. Джон "Челсиді" Премьер-Лиганың ортаңқол командасы деп санайтын кезден "Челси" мүмкін болған барлық олжаларды жеңіп алған Абрамовичтің алтын дәуіріне дейін Лондондық клубта өнер көрсетті. Мінсіз өмір жолына қарамай, Терри лондондықтардың тірі аңызы на айналды және "Челсидің" бет-бейнесі, капитаны, жетекшісі болды.

Икер Касильяс, "Реал Мадридте" 17 жыл ойнады


Касильяс ойыны мақтауға лайық. 18 жасында ол әлемдегі ең мықты клубтардың бірі "Реал Мадридтің" негізгі қақпашысына айналды. Корольдік клубтағы 17 жылдың ішінде Касильяс ешқашан өзінің адалдығына күмән келтірген жоқ, Мадрид клубының тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі атанды. Бұл керемет тарихты «Реал Мадридтің» өзі бұзып тастады, ал Икер соңғы жылдары «Порту» үшін ойнап, жақында мансабын аяқтады.

Филипп Лам, "Баварияда" 15 жыл ойнады


Ламмен бірге "Баварияның" жастар құрамаларында жұмыс істеген бапкерлердің көпшілігі Филиппті ең дарынды ойыншылардың бірі екенін бірнеше рет айтқан. Ал Хосеп Гвардиола Ламнан жақсы пас беретін ойыншыны көрмедім деді. Тіпті "Барселонада" Хавимен бірге жұмыс істегеніне қарамастан! Алайда, бұл футболшы футбол сапаларымен қатар, керемет қасиеттерге де ие. Филипп өмірінің көп бөлігін клуб құрылымында өткізді және ешқашан «Бавария» басшылығымен келіспеушілік болмаған екен, ол клубта да, халықаралық деңгейде де көптеген атақтармен, сонымен қатар жанкүйерлердің жан-жақты махаббатымен марапатталды.

Джанлуиджи Буффон, «Ювентуста» 15 жыл ойнады


Гарет Бэйл «Реалға» ауыспас бұрын, Буффон футбол тарихындағы ең қымбат футболшы атанған еді. Алайда, Джиджи "Ювентустегі" жалақысын көтеру туралы ұсыныстан бірнеше рет бас тартқан екен. Тіпті "Ювентус" төменгі дивизионға түскенде де клубты тастап кетуден үзілді-кесілді бас тартты. "Ювентус," үшін Буффон тірі аңыз бен клубтың бет-бейнесіне айналды, ал бүкіл әлемдегі спортшылар үшін - адалдықтың, адалдық пен кәсіпқойлықтың үлгісі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×