Хидинк: Біз реалист болуымыз керек!

17.03.2012, 06:41
Хидинк: Біз реалист болуымыз керек!
«Анжидің» бапкері Гус Хидинк Роберто Карлостың испан журналистеріне берген сұхбатына байланысты, өз пікірін білдірді. Жақында испан басылымдарына берген сұхбатында, Роберто Карлос «Анжи» керек болса, мадридтік «Реалдан» Криштиану Роналдуды және каталониялық«Барселонадан» Лионель Мессиді сатып алуға қауқары жететіндігін мәлімдеген болатын. «Сіздер де біздер де Робертоның қандай жігіт екенін білеміз. Ол батыл сөйлегенді жақсы көреді. Бірақ, бізге реалист болу керек. Кез-келген нәрсені армандауға болады, бірақ Месси мен Роналду «Анжиге» келмейді. Біздің мақсатымыз-алға жылжу, ары қарай даму. «Анжидің» негізгі жоспары осы-деп ресейлік басылымдарға осылайша бразилиялықтың айтқан сөздерін су сепкендей басып тастады. Десе де, команда капитаны Роберто Карлос былтырғы маусымда клубқа келе салысымен, өзінің отандасы сонау «Барселона» мен «Реал» көндіре алмаған Неймарды аталмыш «Анжиге» сәл болмағанда келтіре жаздады. Өйткені, Роберто Карлос «Анжидің» капитаны ғана болып қоймай, ол Ресей премьер-лигасында доп теуіп жүрген тұңғыш әлем чемпионы сондай-ақ, ол футбол әлемінде біршама танымал тұлға болғандықтан, қосымша менеджерлік қызметті де атқарады. Бразилиялықтың абыройы және оның сөзінің салмағы бар екені айдан анық. Болашақта бәлкім, кавказдықтардың клубында Роналду мен Месси де ойнап қалар... Кім білсін... Р.БАҚЫТЖАН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×