Ресейлік "Химки" 28 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Исламбек Қуаттың кететіндігін мәлімдеді.
Қос тарап өзара мәміле бойынша келісім-шартты бұзды. Қуат "Химкиге" 2020 жылдың қыркүйегінде ауысып, РПЛ-да 6 ойын және Ресей Кубогінде 1 ойын өткізді. Биылғы жылы Қуат "Химки" сапында бірде-бір матчқа қатыспады және жастар командасымен бірге жаттығу жасады.
"Химки" клубы Қуатты Түркиядағы болатын оқу-жаттығу жиынына шақырмады. Ойын тәжірибесінің жоқтығына байланысты Исламбек Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына да шақырту алмады.
Біздің серіктес: FONBET