Польшалық «Корона» командасының және Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко әлемдік жұлдызды футболшылар өнер көрсететін "Pepsi" командасының құрамына енді.
— Танымал футболшылармен бір командада ойнаудың өзі мен үшін үлкен жетістік. Бұл маған тәжірибе жинауға көп көмегін тигізеді, - деп футболшы өз қуанышын әлеуметтік желіде жанкүйерлерімен бөлісті.
Соңғы кездері Сергейдің елге қайтып оралуы жайлы ақпараттар көп айтыла бастады.
Қазақстандық футболшы өткен маусымда қарағандылық "Шахтердің" негізгі шабуылшысы болды. Чемпиондар Лигасының іріктеу ойындарында үздік ойынымен көзге түсіп, борисовтың БАТЭ-сіне 1 гол, албандық «Скендербеуге» 2 гол, шотландық «Селтикке» 1 гол соққан. Кубоктік ойында 5 мәрте жасыл алаңға шығып, жалғыз голды өз еншісіне жазғаны тағы бар. Ел біріншілігінде 20 ойында 5 рет мергендігімен көзге түскен. Сондай-ақ, 2013 жылы ұлттық құрама сапында жасыл алаңға шығып Грузия қақпасына жеңісті гол соқты.
Польшалық «Корона» командасымен 2014 жылы 25 қаңтарда келісім - шарт жасасқан болатын. Келісім-шарт мерзімі 2014 жылдың желтоқсан айында аяқталады.
Абылайхан ЖҰМАШ