Хорди Кройфф Эквадор құрамасының бас бапкері

06.01.2020, 04:28
Хорди Кройфф Эквадор құрамасының бас бапкері

Есім-сойы аңызға айналған голландиялық футболшы Йохан Кройффтың ұлы Хорди Кройфф Эквадор құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Marca газеті хабарлайды. Енді 45 жастағы маман Оңтүстік Америка құрлығында 3 жыл қызмет етеді.

Айта кетейік, Хорди желтоқсанның ортасына дейін Қытайдың "Чунцин Лифань" клубын баптаған еді. Сонымен қатар, ол "Валлетта" бас бапкерінің көмекшісі, Кипрдің "АЕК" ұжымында спорттық директор болған. Ал Тель-Авивтің "Маккабиін" баптаған кезде Еуропа лигасының топтық кезеңінде "Астанадан" 2 матчта да ұтылған болатын.

Эквадор құрамасының бас бапкері ретінде алғашқы ойынын 26 наурызда Аргентина футболшыларына қарсы еткізеді. Ал жазда Эквадор құрамасы Америка Кубогында өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы Эквадор Копа Америкада өз тобында соңғы орын алған-ды. (2 жеңіліс, 1 тең ойын)

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×