Еуро-20202 топтық кезеңінің 3-турында Хорватия құрамасы Шотландияны жеңді. Кездесу Глазгодағы (Шотландия) "Хэмпден Парк" стадионында өтіп, 3:1 есебімен аяқталды.
Кездесудегі алғашқы голды хорватиялық жартылай қорғаушы Никола Влашич соқты. Шотландияның жартылай қорғаушысы Каллум Макгрегор есепті теңестірді. 62-минутта Лука Модрич әдемі соққысымен хорваттарды алға шығарды. Ойындағы соңғы голды Перишич соқты. ЦСКА сапында өнер көрсететін Никооа Влашич осы матчтың үздік ойыншысы атанды.
Үш турдан кейін Англия D тобында алғашқы орынға шықты (7 ұпай). Хорватия (4) екінші орынды иеленді. Чехия (4) турнир кестесінде үшінші орынға, ал Шотландия (1) - төртінші орынға жайғасты.
Біздің серіктес: FONBET