Бүгін өзінің 31-ші туған күнін атап өтіп жатқан «Қайрат» шабуылшысы Хосе Канте Гвинея құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды алматылық клубтың баспасөз қызметі.
Гвинея қазанның 6-шы және 9-шы жұлдызында Судан құрамасымен кездеседі, ал 12 қазан күні Мароккомен күш сынасып көрмек.
Хосе соңғы рет Гвинея құрамасына маусым айында шақырту алған еді. Ол кезде үш бірдей матч өткізіп, Косово құрамасына гол соққан болатын. Гвинея қыркүйек айында әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Гвинея-Бисау құрамасымен ойнаған еді. Бірақ Канте бұл ойынға шақыртылмады.
Кантеден бөлек, «Қайрат» сапында Камо Оганесян (Армения) мен Небойша Косовичке (Черногория) өз құрамаларынан шақырту түсті.
Біздің серіктес: FONBET