«Мақтаарал» Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында «Қайратқа» есе жіберді. Матч «Түркістан Аренада» өтіп, 0:1 есебімен аяқталды.
Ойындағы жалғыз әрі шешуші гол 25-минутта пенальтиден соғылды. Хосе Канте бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланып, командасына жеңіс сыйлады. Ал кездесудің 78-минутында осы маусымдағы алғашқы голдың авторы Биллал Себаихи алаңнан қуылды.
Қазақстан Премьер-лигасы, 2-тур
«Мақтаарал» – «Қайрат» – 0:1
«Мақтаарал»: Сергей Литовченко (қ) – Ерболат Рүстемов (Артем Разгонюк 66), Артур Западня, Руслан Юденков (К), Егор Потапов, Диёржон Арипов – Ринат Джуматов, Расамбек Ахматов – Алекс Бруно, Биллал Себаихи, Шериддин Бобоев;
«Қайрат»: Данил Устименко (қ) – Сергей Кейлер, Арсен Буранчиев, Маки Баньяк, Дамир Қасаболат, Еркебұлан Сейдахмет – Яцек Гуральский (к), Рикарду Алвеш – Гүлжігіт Алықұлов (Антон Крачковский 66), Жоао Пауло (Данияр Үсенов 73), Хосе Канте;
Біздің серіктес: FONBET