Хосеп Гвардиола: «Англиядағы турнирдің бірінен бас тарту керек»

22.01.2020, 03:37
Хосеп Гвардиола: «Англиядағы турнирдің бірінен бас тарту керек»

«Манчестер Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола Англиядағы кейбір бәсекелер туралы өз ойын білдірді. Оның ойынша, АПЛ-дан бөлек өзге бәсекелер футболшыларға кері әсер етіп жатқан көрінеді.
Күнтізбе барынша тұрақты болуы үшін кейбір Англиядағы турнирлерден бас тарту керек. Я болмаса премьер-лига командаларынсыз өткізген жөн. Сол кезде аз болса да ойын сапасы арта түседі. Жанкүйерлер аздап футболсыз өмір сүре алады деп ойлаймын. Әйтпесе, бұл шектен шығып кетті. Матчтардың көптігінен футболшылар жиі жарақат алып жатыр. Тіпті, қазір бұған таң қалмайтын да болдым. Өз басым Кейн мен Рэшфордтың жағдайы аянышты. Жауапты басшылар осыдан кейін ойланатын шығар. Бір мен емес, бапкерлердің көбі бұған қарсы. Бірақ клуб басшылығы үшін бәрібір. Дегенмен футболшылар жапа шегіп жатыр»,-дейді испаниялық маман The Guardian-ға берген сұхбатында.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×