Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситидің» рекордын жаңартты

26.09.2021, 02:53
Испаниялық бапкер өз есімін клуб тарихына алтын әріптермен жазып қалдыруда.
Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситидің» рекордын жаңартты

"Манчестер Сити" Англия Премьер-лигасының 6-турында «Челсиді» 1:0 есебімен ұтты. Бұл Хосеп Гвардиола үшін команданың бас бапкері ретіндегі 221-ші жеңіс болды. Осылайша, испаниялық маман "Манчестер Сити" сапында рекорд жаңартты.

Гвардиола "қалалықтардың" бас бапкері ретінде 13 жыл ішінде 220 жеңіске жеткен Лес Макдауэллден озып кетті.

"Мен бұл жетістікпен мақтанамын. Біз командамен бірге керемет уақыт өткізудеміз. Біз матчтарда, тіпті финалда ұтылуымыз мүмкін, бірақ біз әр ойында батылдықпен ойнаймыз. Біз әр уақытта өз футболымызды ойнаймыз, бұл менің кеудемде мақтаныш сезімін оятады", - деді Пеп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×