Хосеп Гвардиола тарихи рекорд орнатты

21.04.2022, 14:51
Испаниялық маман кеше «Манчестер Ситидегі» 250-ші жеңісіне қол жеткізді.
Хосеп Гвардиола тарихи рекорд орнатты

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола Ағылшын Премьер-лигасының 32-ші турында «Брайтон энд Хов Альбионды» жеңу арқылы (3:0) Англия чемпионатының рекордын жаңартты.

OptaJoe атап өткендей, Гвардиола «Манчестер Сити» сапында өткізген 344 матчтың 250-де жеңіске жетті. Осы көрсеткішке жету үшін оған 344 матч қажет болды.

Англияда 250 жеңіске жылдам қол жеткізген бапкерлер тізімі:

  1. Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити») - 344 матч;
  2. Жозе Моуриньо («Челси», «Манчестер Юнайтед», «Тоттенхэм») - 396 матч;
  3. Кенни Далглиш («Ливерпуль», «Блэкберн», «Ньюкасл») - 429 матч;
  4. Арсен Венгер («Арсенал») - 433 матч;
  5. Дон Реви («Лидс») - 439 матч.

Естеріңізге сала кетейік, «Манчестер Сити» 32 турда 77 ұпай жинап, Англия чемпионатының турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×