Хосеп Гвардиола Юрген Клопптың рекордын жаңартты

15.12.2021, 16:12
Кешегі жеңіс клуб тарихындағы ең ірі жеңістердің бірі болды.
Хосеп Гвардиола Юрген Клопптың рекордын жаңартты

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола АПЛ рекордын орнатты, деп жазды B/R Football порталы.

Дереккөздің хабарлауынша, «Манчестер Сити» испаниялық маманның қол астында Премьер-лигадағы 500-ші голын соқты. Бұл үшін командаға 207 ойын қажет болды. Бұған дейінгі рекорд «Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клоппқа тиесілі еді. Оның жетекшілігімен команда Премьер-лигадағы 500 голды 234 матчта соққан.

Еске салайық, «Манчестер Сити» Ағылшын Премьер-лигасының 17-туры аясында «Лидс Юнайтедті» 7:0 есебімен ұтты. Бұл клуб тарихындағы ең ірі жеңістердің бірі ретінде тіркелді. Қалалықтар бұған дейін «Уотфордты» (8:0) және «Норвичті» (7:0) ойсырата жеңген екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×