1 шілде күні ел премьер-лигасының ХV тур ойындары басталады. Бұл турда қай команда сенсация жасауы мүмкін? «Тобыл» өз орнын сақтап қала ма?Кімнің мысы басым болар екен?Aladop.kz сайтымен бірге болжам жасап көрейік.
Шахтер – Тобыл
Төрешілер: Олег Соколов (Астана), Вадим Текиев, Семён Журавлёв (екеуі де - Кереку)
Резервтегі төреші: Артём Кучин (Қарағанды)
Дубльдік ойынның бас төрешісі: Семён Журавлёв (Павлодар)
Инспектор: Виктор Курбатов (Астана)
Қарағандылық командаға көш басындағы «Тобылға» тойтарыс беру оңай соқпасы анық. Алайда өз алаңында намысқа тырысып ойнары хақ. Бұл ұжым өткен турда «Ақтөбеге» есе жіберген болатын. Ал «Тобыл» керекулік командамен ұпай бөліскен. Біздің болжам бойынша екі ұжым арасындағы ойын тең болуы әбден ықтимал.
Ертіс – Оқжетпес
Төрешілер: Марат Ысқақов (Астана), Сергей Васютин, Самат Тергеусізов (екеуі де - Алматы)
Резервтегі төреші: Виктор Антонов (Павлодар)
Дубльдік ойынның бас төрешісі: Григорий Московченко (Павлодар)
Инспектор: Сергей Кенетаев (Астана)
Сөз жоқ екі команда арасындағы ойында «Ертістің» фаворит екені айдан анық. Бұл маусымда көкшетаулық команда сүреңсіз ойын өрнегін көрсетуде. Сондықтан да керекулік команданың өз алаңында жеңіске жетуі аса қиынға соға қоймасы анық. Нәтиже екі не үш доп айырмасымен «Ертістің» пайдасына шешілуі мүмкін. Ал «Оқжетпес» жеңіске жетіп жатса, онда бұл турдағы басты сенсация болмақ.
Қайрат – Атырау
Төрешілер: Болат Қарлыбаев (Орал), Евгений Бельский, Дмитрий Филоненко (екеуі де – Тараз)
Резервтегі төреші: Сергей Пасько (Алматы)
Дубльдік ойынның бас төрешісі: Александр Алиев (Алматы)
Инспектор: Агзам Хисамутдинов (Павлодар)
Ал енді Алматыдағы ойынға болжам жасап көрейік. Испандық бапкер келгелі «Қайраттың» ойыны өзгерді деп жар сап жатқандар да бар. Мүмкін рас та шығар. Соңғы ел кубогы жолындағы ойында өз алаңында «Қайсарды» бір доп айырмасымен жеңгенімен, жарыс жолынан шығып қалған болатын. ХІV турда «Оқжетпеспен» тең ойнады. «Атыраудың» оңай шағылатын жаңғақ емес екені мәлім. Біздің болжам бойынша есеп 1:1 немесе 1:0 деп тіркелуі мүмкін.
Ақжайық – Астана
Төрешілер: Павел Салий (Өскемен), Анатолий Ходин, Самат Шәріпов (екеуі де - Атырау)
Резервтегі төреші: Виталий Дерцапф (Орал)
Дубльдік ойынның бас төрешісі: Самат Шәріпов (Атырау)
Инспектор: Вячеслав Клепченко (Ақтөбе)
Оралда өткелі отырған екі ұжым арасындағы ойын тартысты болары анық көрініп тұр. «Ақжайық» өз алаңында қорғанысты қымтап ұстары белгілі. Шабуылда да оралдық команда өз алаңында сескеніп қалмас. Екі командаға да өткен турдағы жеңіс дем берері анық. М. Беранек астаналық команданың тізгінін ұстағалы бұл ұжым әзірге жеңілістің ащы дәмін татып көрген жоқ. Бұл кездесуде «Астана» 0:1 есебімен басым түсуі ғажап емес.
Ордабасы – Сұңқар
Төрешілер: Асхат Абданбаев (Тараз), Станислав Лесив, Шараф Мұхамедияров (екеуі де - Семей)
Резервтегі төреші: Қадыр Ибрагимов (Шымкент)
Дубльдік ойынның бас төрешісі: Станислав Лесив (Семей)
Инспектор: Александр Никулин (Талдықорған)
ХІV турда екі команда да соңғы минуттарда өз қаққпасына доп өткізіп алған болатын. Енді екі ұжым да сақ ойнары сөзсіз. Алайда Шымкенттік команда өз алаңында жанкүйерлерін жерге қаратқан емес. Бұл жолы да солай болар деген сенімдеміз. Шымкенттік команда бір немесе екі доп айырмасымен айласын асыруы мүмкін.
Тараз – Қайсар
Төрешілер: Алексей Бобров (Қарағанды), Евгений Попов (Өскемен), Дмитрий Будниченко (Екібастұз)
Резервтегі төреші: Александр Полуэктов (Тараз)
Дубльдік ойынның бас төрешісі: Александр Полуэктов (Тараз)
Инспектор: Юрий Ярышев (Павлодар)
«Тараз» өз алаңында керемет ойнайтын команда. Қазіргі таңда турнир кестесінің төртінші сатысында келеді. Сондықтан бұл ұжымды өз алаңында жеңу қиын екені рас. Бірақ соңғы кезде бапкер ауыстырғалы Сыр өңірінің командасы да сүбелі ойын көрсетуде. Белгілі футбол шолушысы Ермұхаммед Мәулен «Тараз» «Қайсардан» бір доп айырмасымен басым түседі деп болжам жасауда. Бұл да расында шындыққа жанасымдылау нәтиже секілді.
Жетісу – Ақтөбе
Төрешілер: Айдын Рахымбаев (Алматы), Бейбіт Көпжасар, Анарбек Сарқұтов (екеуі де - Қызылорда)
Резервтегі төреші: Айдос Ахметбеков (Талдықорған)
Дубльдік ойынның бас төрешісі: Сергей Ноженко (Талдықорған)
Инспектор: Жұмағали Мүмбаев (Шымкент)
Бұл маусымда талдықорғандық команданы тани алмай келеміз. Он турдан небәрі он-ақ ұпай жинап, он үшінші орында келеді. Ал трансфер кезеңінде өз құрамын нығайтып алған «Ақтөбенің» «Жетісуді» жеңуі біз үшін сенсация бола қоймас. Сондықтан ақтөбелік команданың бірнеше доп айырмасымен басым түсуі әбден мүмкін нәтиже. Есеп 0:2 болуы мүмкін.