Ямаль мансабындағы 100 нәтижелі әрекетін тіркеді

“Вильярреалға” қарсы кездесуде 18 жастағы ойыншы мансабындағы алғашқы хэт-тригін жасады.

Ямаль мансабындағы 100 нәтижелі әрекетін тіркеді

“Барселона” ұжымы Примераның 26-турында “Вильярреалды” қарсылас көрмеді. Блауграна өз алаңында болған ойында Ламинь Ямальдың 3 голы мен Роберт Левандовскийдің мергендігі арқасында “Левантеден” кейінгі екінші қатарынан жеңісіне қол жеткізді (4:1). 

Сол арқылы Ламин Ямаль өз мансабында өткізген 166 кездесуінде 100 пайдалы әрекетін тіркеді (48 гол + 52 голдық пас). 

Осы маусымда Испания құрамасының жас таланты Чемпионатта 21 ойында алаңға шығып, 10 гол мен 9 голдық пас берді. Оның нәтиже көрсеткен кездесулерінде Ханси Флик командасы үнемі жеңіске жетіп отырған. Соңғы рет Ямаль Левантеге қарсы матчта Фермин Лопеске голдық пас беріп, өз командасының кезекті 3 ұпайын қоржынға салды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×