Ямал: “Месси футбол тарихындағы ең үздік ойыншы”

12.07.2025, 10:00

"Барселона" клубының вингері Ламин Ямал футбол тарихындағы ең үздік ойыншы кім екенін атады.

Ямал: “Месси футбол тарихындағы ең үздік ойыншы”

"Мен үшін Месси футбол тарихындағы ең үздік ойыншы. Оның алаңда жасаған әрбір әрекеті, ойыны бәрі керемет.” – деді Ямал Mundo Deportivo басылымында.

38 жастағы қазіргі таңда Лионель Месси АҚШ-тың "Интер Майами" клубында ойнап жүр. Осы маусымда ол 26 матчта 20 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.

Месси тарихтағы ең көп "Алтын доп” (Ballon d’Or) иеленген футболшы. Ол бұл атақты 8 рет жеңіп алған. Сонымен қатар, Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атанып, басқа да көптеген жүлделерге қол жеткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×