Ел құрамасының Лихтенштейнге қарсы кездесуі қорғаушы Ян Вороговский үшін 56-шы болып тіркелді.
2017 жылдың шілде айында Вороговский 2018 жылғы ӘЧ іріктеуі аясында Данияға қарсы матчта Қазақстан жейдесінде дебют жасаған болатын (1:3). Содан осы уақытқа дейін “Астана” футболшысы халықаралық турнирлердің барлығын қосқанда, 56 ойын өткізді.
Қазірде Ян Вороговский ұлттық құрамада көп ойын өткізген ойыншылар арасында 9 сатыға жайғасып, рекордсмендер қатарында Бауыржан Исламханды қуып жетті.
Алдағы уақытта 29 жастағы футболшы 58 ойын өткізген Нұрбол Жұмасқалиев пен Юра Логвиненконың нәтижесін бұзуы ғажап емес.