“Астана” ФК қорғаушысы 2022 жылдан бері Қазақстан құрамасының бірде-бір ресми кездесуін жібермеген жалғыз ойыншы атанды.
29 жастағы сол қаптал қорғаушысы ел құрамасында 4 бірдей бапкер ауысқанның өзінде де құрама кездесулерінен қала қоймады.
Бүгін Ян ұлттық құрама жейдесіндегі 58 матчына шығады. Ол Қазақстан командасында көп ойын өткізген ойыншылар арасында 9 сатыға жайғасып, рекордсмендер қатарында Бауыржан Исламханнан оза шапты.
Айтпақшы, қорғаушымыз Бельгияға қарсы ойынын сәтті аяқтаса, 58 матч өткізген Нұрбол Жұмасқалиев пен Юра Логвиненконың нәтижесін бұзады.