Шабуылшы Златан Ибрагимович өзінің "Миланда" қалатынын растады.
«Мен айтқанымдай, енді ғана қыздырындым», - деп жазды Ибрагимович өзінің Instagram парақшасында "Милан" клубының аккаунтын белгілей отырып.
Ибрагимович Италиялық клубқа 2020 жылдың қаңтарында "Лос-Анджелес Гэлакси" командасынан тегін қосылған болатын. Өткен маусымда швед шабуылшысы "Милан" сапында 18 матч өткізіп, 10 гол соқты.
Ибрагимович "Миланда" 2010-2012 жылдар аралығында да ойнап, 2011 жылы Италия чемпионы атанып, елдің Суперкубогын жеңіп алды. "Милан" 38 ойында 66 ұпай жинап, 2019/2020 Италия чемпионатының турнирлік кестесінде 6-орынға тұрақтады.
Біздің серіктес: FONBET