Ибрагимович болашағына қатысты шешім қабылдады

28.08.2020, 23:33
Келесі маусымда нағыз «Миланның» қалай ойнайтынын көрсететін болады.
Ибрагимович болашағына қатысты шешім қабылдады

Шабуылшы Златан Ибрагимович өзінің "Миланда" қалатынын растады.

«Мен айтқанымдай, енді ғана қыздырындым», - деп жазды Ибрагимович өзінің Instagram парақшасында "Милан" клубының аккаунтын белгілей отырып.

Ибрагимович Италиялық клубқа 2020 жылдың қаңтарында "Лос-Анджелес Гэлакси" командасынан тегін қосылған болатын. Өткен маусымда швед шабуылшысы "Милан" сапында 18 матч өткізіп, 10 гол соқты.

Ибрагимович "Миланда" 2010-2012 жылдар аралығында да ойнап, 2011 жылы Италия чемпионы атанып, елдің Суперкубогын жеңіп алды. "Милан" 38 ойында 66 ұпай жинап, 2019/2020 Италия чемпионатының турнирлік кестесінде 6-орынға тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×